jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шығыс Қазақстанда 12 жастағы қыз жоғалып кетті

Марина Кнельц
Марина Кнельц. Фото: instagram.com/volontery_uka_lider.kz

Шығыс Қазақстан облысында 12 жастағы қыз жоғалып кетті. Оны полицейлер мен еріктілер іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еріктілердің мәліметінше, Марина Кнельц 17 шілде күні 13 жасқа толады. Жасөспірім 18 маусым күні Черемшанка ауылындағы үйінен шығып кетіп, сол күйі байланысқа шықпаған.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы - 155-60 см, шашы ақ сары, дене бітімі арықша келген. Жоғалар күні Маринаның үстінде қара көк түсті олимпийка, сұр трико мен аяғында көк түсті үйде киетін аяқ киім болған.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 24 маусым күні Глубоковский аудандық полиция бөліміне мектеп оқушысының әкесі жүгінген.

Ол 18 маусым күні үйден кетіп қалған кәмелетке толмаған қызы Марина Кнельцты іздеуге көмектесуді өтінген.

"Глуобоковский аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу шараларын жүргізуде", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында жоғалған бойжеткен бірнеше күннен кейін Алматы қаласынан табылғанын жазған едік.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 20 жастағы қызы таңғы уақытта егістік алқабына жұмыс істеуге кетіп, 2 күннен бері табылмай жатқанын жеткізген.

Полицейлер бірден әрекет етіп, қызды оңтүстік астанадан тапқан. Бойжеткен Алматыда жалдамалы пәтерге орналасып, қаладағы дәмханалардың біріне жұмысқа тұрған екен.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.