Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алды деп хабарлайды elbasy.kz.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

"Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, таяуда үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын.

Премьер-министр де Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасын салдыруды ұйғарған.

Одан бөлек, жақында елорда әкімі Алтай Көлгінов те мұғалімдермен бірге коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еді.

"Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары мен мұғалімдер бұрынғы оқыту форматына оралуы үшін бәріміз COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз керек", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919544-nursultan-nazarbaev-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy/

pixel