Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда қыздарға "қырындаған" жігіттерді қамауға алу ұсынылды

Опубликовано:

кісен1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғыз Республикасының ішкі істер министрлігі қыздарға тиіскен жігіттерді жеті тәулікке қамауға алуды ұсынды деп хабарлайды CentralAsian.org.

Бұл туралы 24 маусым күні Жогорку Кеңеште күш құрылымдар өкілдерімен өткізілген жиында айтылған.

Ішкі істер министрлігі академиясының басшы орынбасары Бақыт Дубанаев "Отбасындағы зорлықтан сақтау және қорғау жөніндегі" заң аясын кеңейтіп, бейтаныс адамдардың жасаған зомбылықтары жөнінде де бап енгізу керек екенін айтқан.

"Біз аталған заңға және әкімшілік жауапкершілік жөніндегі кодекске әйелдерге зорлық көрсеткендерді қамауға алу ордерін беру туралы бапты енгізуді ұсынамыз. Бұл арқылы қызға тиісіп, қырындаған жігіттер жеті тәулікке қамауға алынады және жәбірленген қыз қорғауға алынады", – дейді ол.

Құқық қорғау органының өкілі алып қашудың құрбаны болған Бұрылай Тұрдалықызы мен Айзада Қанатбековаға да жігіттер тиісіп, соңы қайғылы жағдайға алып келгенін еске салды.

Осыған дейін ІІМ отбасылық зорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы бөлім ашылатынын хабарлаған.

Еске салсақ, 2018 жылы 20 жастағы студент Бұрылай Тұрдалықызы күштеп үйленбек болған жігіттің қолынан қаза тауып, бұл жайттың соңы үлкен наразылыққа ұласқан еді.

Ал 27 жастағы Айзада Қанатбекованы биыл 5 сәуір күні Бішкекте бір топ жігіт көшеде кетіп бара жатқан жерінен көлікке күштеп отырғызып, алып қашқан болатын.

Екі күннен соң Қанатбекова мен оны ұрлағандардың бірі саналатын Замирбек Теңізбаев сол көлік ішінде өлі күйінде табылды. 8 сәуір күні Бішкекте ірі наразылық акциясы өтіп, ашулы халық ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековтен отставкаға кетуді талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919546-qyrgyzstanda-qyzdarga-qyryndagan-zigitterdi-qamauga-alu-usynyldy/

pixel