Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші кездесуінде жеңіске жетті (видео)

Опубликовано:

Рахмонов
Фото: Sports.kz

Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Шавкат қарсыласынан тұншықтыру әдісімен басым түсіп, екінші раунда бар мәселені шешіп тастады.

Рахмоновтың бұл ММА-дегі 14-жеңісі, ал UFC-дегі екінші жеңісі.

Сонымен қатар, қазақстандық өзінің барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал оның қарсыласы Мишель Празерес мансабында төрт рет қарсыластарына есе жіберді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 25 қазан күні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.

Бұл турнирдің басты жекпе-жегі ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжи арасында болды.

Ресейлік қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC-тегі 29-шы жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919624-savkat-raxmonov-ufc-degi-ekinsi-kezdesuinde-zeniske-zetti-video/

pixel