RU

42 градусқа дейін аптап ыстық: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Ыстық ауа райы
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады. 28 маусымда кей жерлерде аптап ыстық болса, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

28-30 маусым аралығында күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. 28-30 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі және өрт қаупі сақаталады.

Тараз қаласында 28-30 маусымда күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жететін солтүстік-шығыстан жел соғуы мүмкін.

28 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-42 градус дейін қатты ыстық күтіледі және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

28 маусымда күндіз Қызылорда қаласында да 40-41 градус дейін аптап ыстық болуы мүмкін.

28-29 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 42 градусқа дейін аптап ыстық және жоғары өрт қауіпі сақталады. 28-29 маусымда Атырау қаласында да ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.

28 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 28-29 маусымда кей жерлерде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін. Кей жерлерде өте жоғары өрт кауіпі сақталады.

Жезқазған қаласында күндіз 28-29 маусымда 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.

28 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

28 маусымда күндіз Ақтөбе облысының да кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғуы мүмкін. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Сонымен қатар, өңірде 38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

28 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

28 маусымда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

28 маусымда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, күндіз кей жерлерде 42 градусқа дейін өте қатты ыстық болуы ықтимал. Кей жерлерде өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919673-42-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/