Top.Mail.Ru

Зектілері

"Неге барыс емес?": "Атакенттегі" өгіздің видеосы алматылықтардың қызу талқысына түсті

Жарияланған күні:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/kris_p_almaty

Алматының Атакент орталығында түсірілген видео алматылықтардың қызу талқысына түсті. Кадрдан жүк көлігіне тиелген бұқаның мүсіні бейнеленген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тиіннің орнына басқа жануарды алып келді. Әкімдік ақшаны қайда жұмсап жатыр? Әрине, қоладан жасалған бұқаны қоюға. Қалай ойлайсыздар, мына өгіздің мүсініне қанша миллион жұмсалды? Қазірдің өзінде қойылатын орны дайын тұр", – дейді kris_p_almaty парақшасында жарияланған видеоның авторы.

Желі қолданушылары мүсінді белсенді түрде талқылай бастаған.

"Неге барыс емес?", "Әрбір келген жаңа әкім өзінің ойындағы жануарды қоя ма, қала бюджеті резеңке шығар, бәлкім", "Бүгін мен олардың Абылай хан көшесінде бұқаны түсірейін деп жатқанын көрдім", "Тиіннен жақсы", – деп жазды пікір қалдырушылар.

Осы арада Бостандық ауданының әкімдігі Атакент орталығына бұқаның мүсінін қою жоспарланбағанын хабарлады. Мүмкін, әлдебіреу мүсінді сол көшемен апарған болар, дейді ведомстводан.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың жазында Алматыдағы "Атакент" көрмесінің алдында алып тиін қойылған болатын. Тиіннің мүсінін жасауға 24 млн теңге қаражат жұмсалған.

Сол уақытта аталған мүсін алматылықтардың қызу талқысына түскен еді. Британдық танымал суретші бұл конструкцияның жоспары мен нобайын дайындауға 2 ай уақыт жұмсаған. Алып тиіннің биіктігі 13 метр. Ал, салмағы 12 тонна болды. Оны құрастыруға 4 тоннадан астам сабан мен ағаш пайдаланылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919742-nege-barys-emes-atakenttegi-ogizdin-videosy-almatylyqtardyn-qyzu-talqysyna-tusti/