jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда шетел азаматтары жаңа туған нәрестесін сатып жіберген

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі онлайн брифинг барысында Алматыда жаңа туған баланы саудалау фактісі анықталғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, баланы Өзбекстан азаматы сатқан.

"Алматыда полиция жаңа туған баланы сату фактісін анықтады. Ерлі-зайыптылар - Өзбекстан Республикасының азаматтары. Олар баланы Жамбыл облысының тұрғындарына сатқан", - деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Министрлік басқа мәліметтерді жария еткен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өзбекстанның Андижан қаласында тәртіп сақшылары сегіз айлық баласын 5 мың долларға сатпақ болған әйел адамды қылмыс кезінде қолға түсіргенін жазған едік.

"Жиырма жастағы Өзбекстан азаматшасы қызы мен оның туу туралы куәлігін 5000 АҚШ долларына сатып алушыға тапсыру кезінде ұсталды", - деді Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты "кәмелетке толмағандарды сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша жаза сегіз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Алматыда шетел азаматтары жаңа туған нәрестесін сатып жіберген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.