jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Елордада жалаңаш күйде велосипед тепкен тұрғынның басы дауға қалды

Ер адам
Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан қалалық ПД

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындар жалаңаш күйде велосипед теуіп кетіп бара жатқан адамды көріп, полицияға хабар берген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция бөліміне таңертең жағалауда жалаңаш ер адамның велосипедпен кетіп бара жатқаны туралы хабарлама түскен.

Тез арада оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері мас күйдегі азаматты анықтаған. Оның үстінде киімнен тек аяқ киімі ғана болған.

42 жастағы астаналықтың сөзінше, ол түнгі уақытта танысымен Есіл өзенінің жағалауында ішімдік ішкен. Кейін ер адам салқындау үшін өзенге түскен. Ал судан шыққан кезде жағалаудан киімін таппай қалған. Жанында бірге ішімдік ішкен досы да болмапты.

Ер адам жағалауға өз көлігімен келген екен, багажында велосипед болған. Киімсіз қалға соң ол жақын жердегі үйіне велосипедпен жетпек болған.

Тұрғын алкогольді сусын тұтынғандықтан көлік тізгініне отырмағанын айтады.

"Құқық бұзушыға қатысты қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін және өзгелердің құқықтарын сыйламай, қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекеттер жасағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік қамауға алынды және айыппұл салынды", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, осыған дейін онлайн конференцияға жалаңаш қатысқан әйел жиналыстың шырқын бұзғанын жазған едік.

Елордада жалаңаш күйде велосипед тепкен тұрғынның басы дауға қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.