Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-дан өте алмай қалған оқушының анасы тестілеу орталығының экс-директорына алғысын жаудырды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

ҰБТ-дан төмен балл алып қалған оқушының анасы Ұлттық тестілеу орталығының директоры болған Дидар Смағұловқа алғыс айтты. Ол ата-ана ретінде мектеп бітіру емтиханын тапсыруда түлектерге жасаған қолайлы жағдай үшін риза болғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Татьяна Узденова Facebook-те өз ұлының ҰБТ-дан төмен балл алып, емтиханнан өте алмай қалғанын айтты.

"Ұлым тесттен өте алған жоқ, дәлірек айтсам, тарихтан сүрініп, қажетті бес балдың орнына төрт балл алды. Математика, физикадан жақсы нәтиже көрсетті, ал тарихтан сүрінді, болмай қалды. Аппелияцияға берді", - дейді Татьяна Узденова.

Мектеп түлегінің анасы егер баласы қазақстандық ЖОО-ға түсе алмай қалса, еш қынжылмайтынын жеткізді.

"Мұндай жағдайда не істеуге болады? Тек алға деу керек! Бірнеше жол бар: әскерге барып, отан алдындағы борышын өтеу, колледжге немесе шетелдің оқу орнына тапсыру, жұмыс істеп, келесі жылы ҰБТ-ны қайта тапсыру", - дейді Татьяна Узденова.

Ол тіпті, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловқа алғысын айтты.

"Менің шын жүректен шыққан алғысымды қабыл алыңыз! Сіз биыл емтихан тапсыруда қолайлы жағдай жасадыңыз: түлектер өз бетінше тест тапсыратын күнін, уақытын, орнын (білмейтіндерге айта кетейін - оқушыларға кез келген ауыл, қала, ауданды таңдау мүмкіндігі берілді) таңдады. Алғаш рет тестті екі рет тапсыру мүмкіндігі болды, алғаш рет! Екі сертификатты да пайдалануға болатын болды, тестті компьютермен тапсырды, қортындысы сол күні белгілі болды.

Дидар, сіз адам сенгісіз жаңалық енгіздіңіз!

Өкінішке қарай, Алматыдағы тестілеу орталығының қызметкерлерін білмеймін, бірақ оларға да алғыс айтамын: ережеге бағыну да, тәртіп те болды. Рахмет!", - дейді Татьяна.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920241-ubt-dan-ote-almai-qalgan-oqusynyn-anasy-testileu-ortalygynyn-eks-direktoryna-algysyn-zaudyrdy/