Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бестің шайын беретін": Төркініне кеткен келінін сағынып жылаған әжей елдің жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Әжей үстел басында
Видеодан кадр: Facebook/Өте әдемі сөздер

Желіде келінін сағынып жылаған әжейдің видеосы тарады. Төркіндеп кеткен келінін өз қызынан артық көрген қарияның сөзі елдің жүрегін елжіретті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеода белгісіз әжей ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың жақсы үлгісін көрсетті.

Ол өзін видеоға түсіріп отырған туған қызына төркініне қыдырып кеткен келінін сағынып отырғанын айтады. Ақ жаулықты ана келінін не үшін қыздарынан артық көретінін түсіндірді.

"Келінімдей күте алмайсыңдар, келінімдей болмай жатырсыңдар. Білмейсіңдер, уақытымен шай ішетінімді, қай уақытта қай жаққа қыдыратынымды. "Қыдырып кетпей, шайыңды іш" дейді, сағат бесте бір шай береді. Бесте не болмаса төртте. Өзінің қолы тимей қалған уақытта "шай жоқ болды ғой", десем, шайымды қайнатып береді де, алдыма қояды, сағынып отырмын. Кеше бере ме екен деп ем, берген жоқсыңдар (бестің шайын). Жай білетін келінім...", - дейді көзіне жас алған қария туған қызына.

Видеода әжейдің қызы бестің шайының уақыты өзгеріп кеткені болмаса, аналарына барынша күтім жасап отырғанын айтады.

"Апам сағынып отыр ғой келінін, жылап отыр, келеді бір үш-төрт күнде", - деп жұбатты қызы анасын.

Желі қолданушылары ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынастың мінсіз үлгісін көрсеткен видео авторына алғыс айтты.

"Апаның қыздары да өте жақсы екен, аналарын келіндерінен кызғанбай, күліп, қалжыңдасып отыр, бұл апаның балалары да тәрбиелі, өзіне ұқсаған. Ғұмырыңыз ұзақ болсын апа!", "Осы кездегі енелерге үлкен сабақ, тәрбиелі көрініс. Келінін бағалап отырған ападан айналдым. Осы заманда көп ене қыздарының сөзіне еріп келінді сыртқа теуіп, қызының қолына барады. Алла маған келін нәсіп етсе қызымдай еркелетіп отырамын. Алла адалынан берсін", - деп пікір білдірді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920778-bestin-saiyn-beretin-torkinine-ketken-kelinin-sagynyp-zylagan-azei-eldin-zuregin-elziretti-video/

pixel