Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысының бірнеше ауылында төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

Отар
Фото: patriotkaragandy

Ұлытау ауданының Жангелді, Ақтас, Амангелді үш ауылдық округінде дала табиғи өрттері болуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Өрт далаға тарауда. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ. Жағдай Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында. Өртті жою бойынша операцияны басқару төтенше жағдайлар болып жатқан ауданға келіп жеткен облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровқа тапсырылды. Малы қырылған немесе жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды", - делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Ұлытау ауданының үш округіндегі дала өрттерін жоюға 216 адам және 28 бірлік техника тартылды.

Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағанды облысының Ұлытау ауданында бір тәулік ішінде жалпы ауданы 368 гектар болатын құрғақ шөп жануының 10 оқиғасы тіркелгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921009-qaragandy-oblysynyn-birnese-auylynda-totense-zagdai-zariyalandy/

pixel