Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыныс алуы қиындап барады": Жас отбасы ұлының өмірі үшін Тоқаевтан жалынып көмек сұрады

Жарияланған күні:

Әлихан Камел
Әлихан Камел: жеке мұрағат

Елорданың үш айлық тұрғыны, әлемдегі ең ауыр дерттердің бірі - жұлын-бұлшықет артофиясына ұшыраған Әлиханның ата-анасы елбасы мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан жанұшыра көмек сұрады. Бүгінде Әлиханға құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma екпесі қажет. Алайда, жас отбасы мұнша қаражатты таба алмай қиналуда. Ал сәбидің жағдайы күн санап нашарлап, тыныс алуы қиындап барады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлиханның әкесі Бауыржан Камелдің айтуынша, халық барынша көмек қолын созып жатыр. Бірақ 1 миллиард теңгені жинау қарапайым отбасы үшін өте қиынға соғып тұр. Бүгінде кішкентай Әлиханның өмірі 1 миллиард теңгенің екпесіне тікелей байланысты. Өкінішке қарай, сәбиге мемлекет тарапынан да, ірі кәсіпкерлер тарапынан да еш көмек жоқ.

"Қадірлі елбасы, құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Ұлым әлемдегі ең ауыр дерттің бірі - жұлын бұлшықет артофиясына ұшырады. Бұл баланың қимыл-қозғалысын шектеп, уақытылы арнайы екпені салдырмаса, өміріне үлкен қауіп төндіреді. Бүгінде біздің қаражат жинайтын азғантай ғана уақытымыз қалды. Осы аралықта қаражатты жинап үлгермесек, ұлымыз үшін мүлде кеш болады. Біз барлық амалды жасап, бар күшімізді салып жатырмыз. Бірақ 1 миллиард теңгені жинау біз үшін ғарышқа тас лақтырғанмен бірдей болып тұр. Ұлымның денсаулығы нашарлап, тыныс алуы қиындап барады. Өтінем, бізге көмектесіңізші! Жалынып сұраймыз", - дейді Бауыржан Камел.

Бүгінде арнайы екпені алу үшін 33 күн уақыт қалды. Осы уақыт аралығында 1 миллиард теңге жинап үлгеру қажет. Мүлде қимыл-қозғалыстың жоқтығынан Әлиханның жағдайы нашарлап барады. Сол үшін ата-анасы жиналған қаржыдан оның демалуына көмектесетін өмірлік маңызы бар аппараттарды сатып алған.

Бүгінде Әлиханның емі үшін ата-анасы арнайы челлендж бастады. Ол үшін еліміздің 900 мыңнан аса тұрғыны 1000 теңгеден ақша аударса жеткілікті. Жас отбасы ұлының өмірін сақтау үшін Қазақстан азаматтарынан мың теңдеген көмек сұрауда.

Әлиханға көмектесем деушілер үшін төмендегі реквизиттерді ұсынамыз:

Kaspi bank АҚ 5169 4971 4636 9610 +7 776 500 06 96 Камила А (Анасы)

980605451449 Ахимова Камила Максутовна

Halyk Bank АҚ 4405 6397 2471 8471

+77765000696 Камила Камел (Анасы)

980605451449 Камел Камила Максутовна

Jysan Bank АҚ 5356 5020 0614 4053 +77765000696 Камила Камел (Анасы)

980605451449 Камел Камила Максутовна (Ресейге)

Альфа-Банк 5559 4941 3084 7832 (Туысымыз)

PAYPAL @helpalihansma

Beeline: +7(776) 500-06-96

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921074-tynys-aluy-qiyndap-barady-zas-otbasy-ulynyn-omiri-usin-toqaevtan-zalynyp-komek-surady/