Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен үш массаж салоны анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы полициясы демалыс күндері интимдік қызмет көрсеткен үш массаж салонын анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің мәліметінше, массаж салоны мегаполистің Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан.

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов рейд кезінде барлығы 20 әйел және үш әкімші ұсталғанын атап өтті.

Оның сөзінше, салон "қызметкерлерінің" арасында шетел азаматшалары бар.

"Бұл интимдік салондардың элиталық, үлкен коттедждерде орналасқандығы назар аудартады, егер клиент қаласа, саунаға барып, SPA-ға да кіре алады. Салон жұмысшыларының екеуі – Өзбекстан мен Ресей Федерациясының тумалары, тағы біреуі – Қырғызстан Республикасының азаматшалары. Осы мекемелердің қызметкерлері жеке басын тексеру және жауапкершілікке тарту үшін қалалық полиция департаментіне жеткізілді", – дейді Қуатбек Науатов.

Сонымен қатар, жезөкшелік пен жезөкшелік ұйымдастыруға үй-жай берген ғимарат иелеріне де шара қолданылғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда жеке үйдің атын жамылып жұмыс істеген интимдік массаж салоны анықталған болатын. Ғимарат Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан.

Тінту кезінде интимдік қызмет ұсынған алты қыз бен салонның әкімшісі анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921189-almatyda-intimdik-qyzmet-korsetken-us-massaz-salony-anyqtaldy/

pixel