Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кәмелетке толмағандарды саудалаған әйел сотталды

Жарияланған күні:

түрме
Көрнекі фото: polisia.kz

Алматы облысында кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан әйел сотталды. Мұндай фактіні Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері анықтаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша Алматы облысының №2 ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен К.Б. есімді азамат қылмыстық кодекстің 135-бабы, 2-бөлігі, 2,12-тармағы кәмелетке толмағандарды саудаға салғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда жаза өтеу мерзімі сотталушының өз балалары 14 жасқа толғанға дейін шегерілді. Сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл үкімді шығаруға Талғар аудандық прокуратурасының кәмелетке толмағандарға заңсыз қамқоршылық рәсімдеу дерегін анықтау себеп болған. Қазіргі таңда азаматша өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Алматы полициясы демалыс күндері интимдік қызмет көрсеткен үш массаж салонын анықтаған еді.

Массаж салоны мегаполистің Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан. Сонымен қатар, жезөкшелік пен жезөкшелік ұйымдастыруға үй-жай берген ғимарат иелеріне де шара қолданылғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда жеке үйдің атын жамылып жұмыс істеген интимдік массаж салоны анықталған болатын. Ғимарат Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан.

Тінту кезінде интимдік қызмет ұсынған алты қыз бен салонның әкімшісі анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921286-almaty-oblysynda-kameletke-tolmagandardy-saudalagan-aiel-sottaldy/