jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Мүфтият құрбан шалу тәртібін жариялады

Құрбандық
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімі қалай атқарылатынын түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі. Ол:

  1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру.
  2. Бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесі негізінде www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, онлайн режимде құрбандық шалу.

"Карантин жағдайында қалада тұрып жатқан азаматтар үшін қашықтықтан өз атынан құрбан шалуға тапсырыс беру – оңтайлы шешім. Шариғат бойынша адам өзінің атынан басқа кісіні белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені адам баласы кейбір жағдайда бір істі орындауға мүмкіндігі болмай қалады. Осы кезде біреудің көмегіне жүгінеді, яғни сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді", - дейді мүфтият мамандары.

Осы орайда діни басқарма ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның мұсылмандық міндетін атқаруына ешқандай шектеу жоқ екенін ерекше атап өтті.  Ал  www.qurban2021.kz сайтында тапсырыстар 20 шілде күні айт намазынан кейін қабылданады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен мүфтияттың жергілікті өкілдіктері айналысады.

"ҚМДБ қаржыға араласпайды. Құрбандыққа шалынатын түлік бағасы жергілікті нарық бағасымен көрсетіледі. Осы орайда еліміздің әр аймағындағы малдың бағасы әртүрлі екенін ескеру қажет. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында малдың бағасы бірдей болмауы мүмкін. Ал тапсырыс берушіден түскен қаражат мал иесіне, яғни сатушыға тікелей беріледі. Өйткені бұл делдалдық қызмет емес. Көрсетілген сомаға қасапшының қызметі ғана кіреді", - деп атап өтті мүфтият өкілдері.

Онлайн тапсырыс беру кезінде құрбандық етін бөлшектеп, мұқтаж жандарға тарату сынды барлық ұйымдастыру жұмыстарын мешіт жамағаты мен еріктілер тегін атқарады.

Осы орайда діни басқарма құрбан шалу кімге уәжіп екенін тағы бір мәрте еске салды. Ханафи мәзһабында құрбан айт күндері бай адамға құрбан шалу – уәжіп (міндет). Ал шариғат "бай" деп мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адамды айтады.

Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі), 30 ірі қара, 5 түйе немесе қажеттілігінен артық 85 гр алтын (1 230 000 теңге) қаражат. Мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетпеген, яғни жағдайы төмен мұсылманға құрбан шалу міндет емес.

Мүфтият құрбан шалу тәртібін жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.