jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жаяу жүргіншілер жолын билеп өткен ер адам тұрғындардың көңілін көтерді

Фото
Фото: Instagram/eto_astana_detka

Желіде жаяу жүргіншілер жолынан билеп өткен ер адамның видеосы тарап, көптің қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ. тілшісі.

Instagram желісіндегі eto_astana_detka парақшасында пайда болған видео көпті күлкіге қарқ қылды. Видео авторы "Позитив" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Ер адамның жаяу жүргіншілер жолындағы биін өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері де тамашалаған. Олар оған жол беріп, биінің аяқтағанын күткен.

Ал желі қолданушыларының бірі ер адамның бұл әрекетіне әзіл деп түсінсе, енді бірі көзге оғаш көрінетінін жеткізген.

"Қызық екен, тапа-тал түсте жайшылық па?", "Вакцинадан кейін осындай көңіл-күй болатын шығар, әзіл ғой, шын деп ойлап қалмаңыздар", "Балаларды балабақшаға апарып, өзім жұмысқа шықсам, мен де солай қуанып, билейтін шығармын", "Әп-әдемі би ғой, ешкімге бөгет жасап жатқан жоқ бастысы", "Біртүрлі көрінеді екен көзге", "Қазіргі жастарды түсінсем бұйырмасын", "Бәлкім несиесін жапқан шығар, сол себепті осылай қуанып, билеп жатқан болар", - деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда жанармай бекетінде жұмыс істейтін жігіттің биі желі қолданушыларының қызу талқысына түскенін жазған едік.

Видеода жас жігіттің жұмыс арасында билей жөнеліп, кейін қайта қызметіне кіріскенін көруге болады.

Одан бөлек, ұстазының көзін ала бере билей жөнелген оқушы жұрттың көңілін көтергенін жазған болатынбыз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.