Әкім болуға үміткерлер үшін ақпараттық хабарлама
Жарияланған күні:
2021 жылдың 25 шілдесіне жоспарланған сайлауға қатысатын Қазақстан Республиканың аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдеріне үміткерлерге «Internet Portal Nur» ЖШС-нің («Нұр Интернет порталы») «NUR.KZ» сайтындағы интернет-алаңдарды ұсынуының жалпы шарттары.
"Internet Portal Nur" ЖШС ("Нұр Интернет порталы") - «NUR.KZ» сайтының иесі (бұдан әрі – Сайт), 28.09.1995 жылғы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сайлауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдеріне үміткерлерді (бұдан әрі -Үміткерлер) ақпараттандырады.
Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдеріне үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Осылайша, сайлауалды үгіт 2021 жылдың 14 шілдесінде сағат 18.00-ден кейін басталып, 2021 жылдың 24 шілдесінде сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш және сайт иесі мен үміткер немесе оның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдардың саны мен орналасу мерзімі үміткердің немесе оның өкілінің жазбаша өтінішінде жазылып, кейіннен келісімшартта тіркеледі.
Өтініш үміткерлердің өтініштерін тіркеу журналында кезек тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса берілуі керек:
- Үміткердің тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Үміткер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Келісімшартқа отыру үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Үміткерлердің үгіт материалдарын сайтта орналастыру кезегін жазбаша өтініштердің түсу тәртібі арқылы немесе өтініш бір мезгілде түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шаттарын Сайт тағайындайды.
Сайтқа үгіт материалдары орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылады. Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпарат берген тұлғаның тегі жазылуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Үміткерлерге олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жеке жауапкершілік қарастырылған.
Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культы, заңдарда қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса, сондай-ақ өзге үміткерлердің ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса сайт иесі оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Үміткер Сайт иесінің өтініші бойынша материалдарда жоғарыда аталып өтілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-сайттарды ұсыну шарттары мен тәртібіне Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетулер енгізілуі мүмкін.
Үгіт материалдарын орналастыруға қойылатын жалпы талаптар:
Баннерлі жарнамаға қатысты жалпы талаптар және HTML-баннерлерге қатысты техникалық талаптар https://corp.nur.kz/requirements интернет-парақшасында толығырақ жазылған.
Мақала – бос орындарды санамағанда кемінде 1000 белгі және бос орындарды қоса алғанда кемінде 4000 белгіден аспайтын мәтіні бар Word файлы + ені 1200 px және биіктігі 800 px болатын көлденең бағытталған 5 (бестен) аспайтын суреттер.
Материалға алдын ала Youtube-ке жүктелген 1 бейнежазба қосуға болады. Мақаланың мағыналық бөлігі болған жағдайда өзге тарап ресурстарына 1-3 мәтіндік гиперсілтемені пайдалануға рұқсат етіледі.
NUR.KZ редакциясы тақырыбына, лидіне немесе мақала мәтініне өз қалауынша түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Мақаланың тақырыбы мен лиді NUR.KZ форматына сай болуы керек (7-8 сөзден артық емес).
NUR.KZ жаңалықтар бөліміндегі мақала анонсын орналастыру позициясы бекітіледі: «Топ-жаңалықтар» - 4 немесе 5 орын; «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - 5, 6 немесе 7 орындар; айдарларда – 4 немесе 5 орын болып бекітіледі.
Мақала анонсы Сайтта бір тәулік ішінде таңғы 9:00-ден келесі күннің 9:00-не дейін орналастырылады. Материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда, жоғалған орналастыру уақыты өтелмейді.
Бір жұмыс күні ішінде орынды алдын ала броньдау қажет.
Баннерлік жарнаманы орналастыру үшін бос трафиктің болуын алдын ала нақтылау қажет.
Үгіт материалдары қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпаратты және ақпарат берген адамның тегін қамтуы тиіс. Бұл ақпарат баннерлік жарнама мен бейнежарнаманы орналастыру кезінде оқуға ыңғайлы болуы тиіс.
Сайтта үгіт материалдарын орналастыру құны:
Сайттың орыстілді нұсқасына материалдарды орналастыру:
- «Топ-жаңалықтар» айдарындағы мақала – ҚКС-ты есептегенде 987 840 тг. (тоғыз жүз сексен жеті мың сегіз жүз қырық теңге).
- «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - ҚКС-ты есептегенде 682 080 тг. (Алты жүз секскен екі мың сексен теңге).
- Тақырыптық айдардағы мақала (Саясат және экономика, Қоғам, Шоу-бизнес, Калейдоскоп, Туризм және т.б.) – ҚКС-ты есептегенде 342 720 тг. (Үш жүз қырық екі мың жеті жүз жиырма теңге).
- Нурфиндегі мақала – ҚКС-ты есептегенде 470 400 (төрт жүз жетпіс мың төрт жүз) теңге
- Баспасөз хабарламаларындағы мақала – ҚКС-ты есептегенде 235 200 (екі жүз отыз бес мың екі жүз) теңге
- Мақала жазу – ҚКС-ты есептегенде 67 200 тг (Алпыс жеті мың екі жүз теңге).
- Мақаланың көшірмесін сайттың қазақ тілді нұсқасына шығару – 30%.
Сайттың қазақтілді нұсқасына материалдарды орналастыру:
- «Топ-жаңалықтар» айдарындағы мақала – ҚКС-ты есептегенде 392 000 тг. (үш жүз тоқсан екі мың) теңге.
- «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - ҚКС-ты есептегенде 313 600 (үш жүз оннн үш мың алты жүз) теңге.
- Тақырыптық айдардағы мақала (Қоғам / Саясат және экономика / Калейдоскоп / Мәдениет және шоу-бизне / Спорт / Нұрфин / Фоторепортаж) – ҚКС-ты есептегенде 168 000 (жүз алпыс сегіз мың) теңге.
- Баспасөз хабарламаларындағы мақала – ҚКС-ты есептегенде 100 800 (жүз мың сегіз жүз) теңге
Баннерлік жарнама (динамика, бағалары 1000 қаралым үшін көрсетілген):
- Өтпелі (240x600 px + 300x250 px), desktop+mobile – ҚКС-ты есептегенде 672 (алты жүз жетпіс екі) теңге (Маусымдық коэффициенттерсіз)
- Өтпелі (240x400 px + 300x250) px, desktop+mobile – ҚКС-ты есептегенде 672 (Алты жүз жетпіс екі) теңге (Маусымдық коэффициенттерсіз)
- Қазақстан және әлем жаңалықтарындағы мобильдік жарнама 300*250 рх mobile – ҚКС-ты есептегенде 560 (бес жүз алпыс) теңге (Маусымдық коэффициенттерсіз)
- Өтпелі (728x200 px + 300x250 px ) desktop+mobile – ҚКС-ты есептегенде 739 (жеті жүз отыз тоғыз) теңге
Статика:
- Баннер (728х90) Топ-жаңалықтарда сайттың басты беті (desktop) трафиктің 25%, бір аптаға орналастыру (7 күнтізбелік күн) бағасы - ҚКС-ты есептегенде 200 000 (Екі жүз мың) теңге (Маусымдық коэффициенттерсіз)
Бейнежарнама:
- Scroll-roll бейнежарнама, жаңалықтарда орналастыру (динамика, F=1, desktop+mobile, 1000 көрсетілім) – ҚКС-ты есептегенде 2 240 теңге (Екі мың екі жүз қырық) теңге (Маусымдық коэффициенттерсіз)
* Баннерлі жарнама мен бейнежарнаманың барлық үлгілеріне маусымдық коэффициенттер қолданылады:
Шілде – Тамыз – 1,0.
Әлеуметтік желілерде орналастыру:
- Instagram (@kaznews) жазба орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 168 000 теңге (Бір жүз алпыс сегіз мың) теңге
- Instagram (Instagram @kaznews) stories орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 78 400 теңге (Жетпіс сегіз мың төрт жүз) теңге
- Instagram (@kaz.nurkz) жазба орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 112 000 (Бір жүз он екі мың) теңге
- Instagram (@kaz.nurkz) stories орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 56 000 теңге (Елу алты мың) теңге
- Telegram (@newsnurkz) жазба ораластыру – ҚКС-ты есептегенде 168 000 теңге (Бір жүз алпыс сегіз мың) теңге
- VK+Facebook жазба орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 168 000 теңге (Бір жүз алпыс сегіз мың) теңге
Үгіт материалдары сайттың меншік иесі бекіткен нысан бойынша келісімшартқа қол қойылғаннан кейін ғана жарияланады. Сайтта үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлем Сайт келісімшартының стандарттық үлгідегі шарттарына сәйкес жүргізіледі.
Жазбаша өтініштер факсимиле түрінде қабылданбайды.
Үміткерлердің жазбаша өтініштерін Сайттың меншік иесі 2021 жылдың 14 шілдесі жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін және 2021 жылдың 23 шілдесіне дейін (сол күнді қоса алғанда) Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280 (18-қабат) мекенжайы бойынша, тел: +7 701 601 06 22 09 немесе gr_department@corp.nur.kz корпоративтік электрондық пошта арқылы қабылдайды. Бұл ретте қол қойылған келісімшарттың түпнұсқасы және қажетті құжаттар Сайттың иесіне өтінім жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берілуі керек.
«Internet Portal Nur» ЖШС («Нұр Интернет порталы»)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921507-akim-boluga-umitkerler-usin-aqparattyq-xabarlama/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.