jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Өскеменде қан-қызыл түске боялған өзен арнасы тұрғындардың зәресін алды (фото)

Фото
Фото: yk-news.kz

Өскеменде Абай 13/1 ауданындағы Комендантка өзенінен қалған арна суы қан-қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындарды шошытты. Мамандар бүгінде өзен суының қызыл түске өзгеруінің себебін анықтауда деп жазады yknews.kz.

Белгілі болғандай, басылымға өзен арнасындағы судың қан-қызыл түске боялған суретін оқырмандар жіберіпті.

Басылымның мәліметінше, бүгінде мамандар судың жағаға жақын маңын зерттеп көрген екен.

"Суда қандай да да бір зиянды элементтері бар ағын судың келуі немесе ластанған көздің бары анықталмады. Одан бөлек арна мен оның жағасының қоқысқа толып қалғаны белгілі болды", - деп мәлімдеді ШҚО экология департаменті мамандары.

Айта кетерлігі, 2015 жылы да арна суы дәл осылай қызыл түске боялған еді. Сол жылы да биологиялық талдаулар нәтижесінде, сынамаларда қарапайым микроағазалардың бары анықталған.

Мамандар аталған микроағзаларда қызыл түсті күкірт бактерияларының барын, олар осылайша су түбінде қақ болып жиналатынын, салдарынан өзен суы қан-қызыл түске боялытынын түсіндірген еді.

Экологтардың сөзінше, бактерияның аталған түрі суда көп мөлшерде күкіртсутегі болғанда және оттегі жетіспеген уақытта жиналатын көрінеді. Басылым бүгінде химиялық әрі биологиялық талдаулар үшін су сынамалары алынғанын мәлімдеді. Өңірдің экология департаментінің мамандары жақын арада талдау нәтижелерін жария етеміз деп сендіріп отыр.

Ал тұрғындар әзірге әлеуметтік желіде өзен суының суреттерін бөлісіп, дабыл қағуда.

"Осымен бірнеше рет қайталанып отыр, тездетіп қандай да бір шара қолдану керек", "Қараудың өзі қорқынышты екен", "Жылда осылай ғой?", "Экологтар мәселені тездетіп шешуі тиіс, әйтпесе денсаулыққа зиян шығар" деп жазуда олар.

Өскеменде қан-қызыл түске боялған өзен арнасы тұрғындардың зәресін алды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.