Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. 12 шілдеде кей облыстарда аптап ыстық болса, кей өңірлерде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал деп хабарлайды "Қазгидромет".
12 шілдеде Ақмола облысында күндіз жаңбыр, облыстың батыс бөлігінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласы: күндіз 12 шілдеде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Көкшетау қаласы: 12 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Күндіз 12 шілдеде Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түнде 12 шілдеде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай. Күндіз солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қаласы: күндіз 12 шілдеде 35 градус қатты ыстық сақталады.
12 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 12 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Семей қаласы: 12 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-18 м/с.
12 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Кей жерлеріңде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай қаласы: 12 шілдеде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
12-13 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі . Түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз 12 – тәулік 13 шілдеде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерінде өте жоғары орт кауіпі сақталады.
12 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз 12 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтілдеі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз 12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Петропавл қаласы: 12 шілдеде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921878-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-dauyldy-aldyn-ala-eskertu-zariyalandy/