Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда құны бір пәтерге тең "Запорожец" көлігі сатылуда (фото)

Опубликовано:

Запорожец
Фото: Петропавловск.news

Петропавлда 1964 жылы шыққан "Запорожец" автомобилі сатылуда. Қожайыны шыққанына 57 жыл болған көлік құнын 10 миллионға бағалап отыр деп хабарлайды Петропавловск.news сайтына сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.

Артқыжетекті ЗАЗ-965 кеңес кезеңіндегі автомобиль өнеркәсібінің классикасы деп саналады. Бұл көліктер КСРО-да алғаш рет 1960 жылы шығарыла бастаған. Бастапқыда ол "Фиат-600" модельді көлікке ұқсатып жасалған.

Мұндай көліктің барлығы 322 мың моделі шығарылған екен. Алайда, басылымның жазуынша, бұл "Запорожецтің" жүріп тұрған нұсқалары мүлдем қалмаған. Ал сатылымға қойылған петропавлдық автомобильді қожайыны қайта жасап, жаңартқан.

Запорожец
Фото: Петропавловск.news
"Ретро заттарды жақсы көретіндерге. Көлік жақсы жүріп тұр, еш жері шірімеген. Жай-күйі жақсы. 2019 жылға дейін бір ғана қожайынның қолында болған. Мен – екінші қожайынымын. Жабық жерде тұр. Ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Ттүпнұсқада сақталған, бояуы да өзінікі. Дөңгелектері жаңа. Моторы да толық жөндеуден өткен. Салонды жылытатын пеш орнатылған. Көлік шанағында жұлдыздың эмблемасы бар. Жаңа құжатпен рәсімделген. Аккумуляторы су жаңа. Жарықтандыру бойынша да түгел жұмыс істеп тұр.
Түпнұсқадағы құралдар жиынтығы бар. Саудаласуға болады. Жол талғамайтын көлікке айырбастау нұсқаларын да қарастырамыз", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматы облысындағы Абай елдімекенінің тұрғыны ретроавтокөліктердің топтамасын жинаумен айналысады. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған автокөліктер жинаған азаматтың иелігінде тіпті Ұлы Отан Соғысына да "куә" көліктер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921926-petropavlda-quny-bir-paterge-ten-zaporozec-koligi-satyluda-foto/

pixel