Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дұрыс тағайындалмаған емнен көзі көрмей қалған 7 жастағы баланың анасы жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Әли Талғатұлы1
Фото: Жазира Мырзахметтің жеке мұрағатынан

Қызылордалық жеті жасар Әли Талғатұлына жедел түрде көмек қажет. Анасының айтуынша, көзіне еш тексеру жасамастан ересектерге арналған көз тамшысын тағайындаған дәрігердің кесірінен, Әлидің көзі көрмей қалған. Әли Талғатұлының анасы ісіктің ұлғайып кетуіне дұрыс жасалмаған ем-шара мен ота себеп дегенді алға тартады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеті жасар балақайдың анасы ұлына бір жарым жылдан бері дұрыс диагноз қойылмай, соның салдарынан дұрыс ем жасалмай келгенін айтады.

Баласының бір көзі үлкендеу көрінгендіктен жергілікті емханадағы дәрігерге апарған анасы оның арты осындай үлкен проблемаға айналып кететінін білмеген.

"Бір көзі үлкендеу боп көрінді. Бірақ еш жерім ауырды демейтін. Жергілікті емханаға көз дәрігеріне көрсеттік. Дәрігер баламды тексеріп, көзінің 70%-ы көріп тұрғанын айтып, көзге "Ирифрин" көз тамшысын кешке бір мезгіл тамызу керектігін жазып берді. Тамшыны кешке тамызғанымда балам көзім қатты ашыды деп жылады. Ертесіне еркелеген болар деп қайта тамызғанымда балам қатты жылап түнімен ұйқтамады. Сол куні түнде жедел жәрдем шақыртып, окулистке көрінгенімізде дәрігер "Ирифрин" көз тамшысын басты МРТ-ға түсірмей тамызуға болмайтынын айтты, әрі қарай тамызбауға кеңес берді. Оған дейін 70 пайыз көріп тұрған көзі көрмей қалды.

Бізді қызылордалық онколог дәрігерлер Алматы қаласына "Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына" ота жасауға жіберді. Институт та ешбір тексеріс жүргізбестен баланы отаға жатқызды. Содан кейін баланың көзінің қарашығы қисайып қалды. Отаны жасаған дәрігер өзінің не істегенін нақты айта алмайды. Біресе "көзінің астындағы ісіктен биопсияға материал ғана алдым десе, біресе қолымның жеткен жеріне дейін алдым дейді, ал бірде ісікті мүлде алып тастадым", деді. Бізге берген қағазда ісіктің бәрі алынды деп жазылған. Бірақ көзінің артында әлі ісік бар.

Бізді сол институт Алматыдағы "Балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми орталығына" ауыстырды. Ол жерде балаға қатерлі ісіктің ауыр түрі - саркома деген диагноз қойды. Сол диагнозбен 9 курс химия тағайындады, соның тек 3 курсын алдық. Баланың денсаулығы жарамай қалды. Жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Алматыдан Қызылордаға зорға алып келдік баланы. Кейін біз Алматыдағы дәрігерлердің қойып берген диагнозына күдіктеніп баланы Ташкентке апардық.

Ол жақтағылар баламызға ісіктің қатерлі емес екенін айтты, "киста" деген диагноз қойды. Ал өткен жолы Нұр-Сұлтан қаласындағы дәрігер ісікті мұрынға суық тигеннен пайда болған без деп атады. Бір белгілісі Ташкентте басын МРТ-ға түсіргенде әлгі ісіктің баланың миына бір сантиметр жақын қалғанын көрсетті", - дейді Әлидің әпкесі Жазира Мырзахметқызы.

Балқайдың анасы Қызылорда облыстық денсаулық басқармасынан еш көмек болмай тұрғанын алға тартты. Жеті жасар баланың әпкесі министр Алексей Цойға видеоүндеу де жолдаған.

Ал өз кезегінде Қызылорда облыстық балалар ауруханасы баланы емдеу шараларын ұйымдастырып бергенін жазады.

"Біз бұл мәселеден хабардармыз. Анасының сөзінше, бала 2019 жылы қараша айынан бастап ауырған. Алғаш рет окулистке 2020 жылы мамыр айында барған. Бір айдан соң онкогематологтың қабылдауында болды. МРТ түсіріп, соның нәтижесінде Алматыдағы көз ауруларын институтына ота жасауға жіберілді. Орбитотомия OS отасы жасалды. Ары қарай бала педиатрия орталығында емделді. Үш курстан соң, химиятерапиядан анасы мен әпкесі бас тартты.

Өткен жылдың қыркүйегінен бастап бала ешқандай ем алып жатқан жоқ. Анасы Алматыдағы "Балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми орталығында" ем алудан үзілді-кесілді бас тартты. Қазіргі таңда учаскелік дәрігерлердің бақылауында. Анасының сөзінше, олар өздері Мәскеудегі клиникалардың біріне стеклопрепаратты қайта қарауға жіберген. Алайда олар біздің ауруханаға жазбаша қорытындыны әкелген жоқ", - дейді Қызылорда облыстық балалар ауруханасы.

Ал Нұр-сұлтан қаласындағы дәрігерлер Әлидің анасына Қазақстанда бұл ауруды емдей алмайтынын айтқан.

"Бізге Оңтүстік Корея немесе Ресей мамандары көмектесе алатынын жеткізді. Ресейге тегін ем алуға біздің денсаулық басқармасы портал ашып бере алады екен, бірақ қолымыз байлаулы. Бізге көмектесуге құлық танытпай отыр. Бар порталды бізге бермей отыр. Баланың ісігі өсіп бара жатыр. Біз нақты диагнозды анықтай алмай тұрмыз. Бір апта болды, балада мұрыннан қан кетіп, әлсіздік болып жатыр", - дейді бауыры үшін шырылдаған Жазира Мырзахметқызы.

Сап-сау баласының осындай күйге түскені жанына батқан ана елден көмек сұрауды шешкен.

Әли Талғатұлына көмек қолын созу үшін төменде реквизиттер берілген.

Kaspi Gold нөмірі: +7 777 059 2709 Жазира Мырзахмет.

4405 6397 6530 1898 Halyk банк

5169 4971 3827 4455 Kaspi банк

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922151-qyzylordada-darigerdin-salgyrttygynan-kozi-kormei-qalgan-7-zastagy-balanyn-anasy-zanusyra-komek-surady/

pixel