RU

"Қазір телефоны өшірулі": Өскеменде жоғалып кеткен 14 жасар қыз байланысқа шықты

1
Фото: Алтайньюс

Өскеменде жоғалып кеткен 14 жастағы қыз байланысқа шықты деп хабарлайды Алтайньюс.

Кристина Минеева 10 шілде күні Өскемен қаласы Михаэлис көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Кәмелетке толмаған қызды іздеуге полицейлер мен еріктілер тартылған.

"Қазіргі уақытта қыз байланысқа шықты. Ол достарымен бірге екенін, жақында үйге оралуы мүмкін екенін айтты", - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.

Бірақ, Кристинаның туыстары мен еріктілер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

"Бастапқы күндері қыз байланысқа шыққаны рас. Бірақ қазір қайтадан телефоны өшірулі тұр. Сондықтан да біз іздеу жұмыстарын тоқтатпаймыз", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Жезқазғанда 19 жасар қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазған едік. Татьянаның жақындары оның 28 маусым күні үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып отыр.

28 маусым күні үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен қыз әлі байланысқа шықпаған. Техникумда білім алып жатқан бойжеткен 26 маусымда мемлекеттік емтихан тапсырып, үйінде болған. Ал екі күннен соң күндіз үйден шығып кеткен екен.

Татьянаның бойы 170 cм, салмағы 50 келі. Шашының түсі қоңыр, көздері қою қоңыр түсті. Денесінде ешқандай тату немесе жарақат іздері жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922187-qazir-telefony-osiruli-oskemende-zogalyp-ketken-14-zasar-qyz-bailanysqa-syqty/