Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбсаттар қажы Дербісәлі өмірден озды

Опубликовано:

Әбсаттар қажы Дербісәлі
Фото: e-history.kz

Белгілі дінтанушы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бұрынғы басшысы Әбсаттар қажы Дербісәлі өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым, Әбсаттар қажы Дербісәлінің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Бұл бүкіл қазақ руханиятына ортақ ауыр қайғы. Әбсаттар Бағысбайұлы бүкіл саналы ғұмырын имандылыққа арнап, асыл дініміздің тура жолын халыққа дұрыс жеткізу ісіне өлшеусіз еңбек сіңірді.

Еліміздің Бас мүфтиі лауазымында жүрген уақытта қажы ағамызбен қызмет барысында жолығысып тұрдық. Қай кезде де өзінің кең мінезімен, терең білімімен, парасатты болмысымен руханият биігінен көрініп, еліміздегі ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың өркен жаюына өлшеусіз үлес қосқан жан еді.

Әбсаттар қажы ағамыздың зиялы болмысы, еліне сіңірген еңбегі, жазған рухани шығармалары, жамағатты иман жолына шақыруда айтқан ақыл сөздері – ешқашан тозбас рухани қазына болып халқының жадында мәңгілік сақталады.

Марқұмның жатқан жерi жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін Белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы мүфтиятты ұзақ уақыт басқарған ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің науқастанып қалғаны жөнінде ақпарат таратқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922496-absattar-qazy-derbisali-omirden-ozdy/

pixel