Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он күн бойы ықылығы тоқтамаған Бразилия президенті ақыры ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

Жаир
Фото: Andressa Anholete / Getty Images

Бразилия президенті 10 күн бойы ықылығы кетпей қойғаннан кейін ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Би-би-си.

66 жастағы Бразилия президенті Жаир Болсонаруды сәрсенбі күні таңертең ел астанасы Бразилиядағы ауруханаға жатқызған.

2018 жылы болған оқиғадан кейін президентке ота жасаған хирург Антонио Луис Маседо науқас мемлекет басшысын Сан-Паулудағы ауруханаға жіберді. Ол ішек ауруына шалдықты деп болжануда. 2018 жылы сайлау митингісі кезінде Болсонаруға шабуыл жасалған еді.

Пышақ жарақаты салдарынан ол қанының 40 пайызын жоғалтып, ішектеріне зақым келген болатын. Бразилия президенті өкілдерінің айтуынша, оған ота жасау қажет болуы мүмкін. Бұған дейін Болсонаруды Бразилия халқы қатты сынға алған болатын.

Жергілікті тұрғындар оны COVID-19 пандемиясымен тиімді күреспеді деп айыптаған. Жалпы алғанда, елде ауруға шалдыққандардың саны 19,2 млн, ал коронавирустық инфекциядан көз жұмғандардың саны 536 мың адамды құрайды.

Нәтижесінде Болсонару COVID-19 дағдарысына байланысты алты министрді ауыстырған.

Еске салсақ, бұған дейін 7 шілдеде белгісіз біреулер Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасағанын жазған едік. Мемлекет басшысы алған жарақатынан қайтыс болды.

Көп ұзамай, Моиздің өліміне қатысты ұсталған күдіктілер президентке не себепті шабуыл жасағандарын түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922526-on-kun-boiy-yqylygy-toqtamagan-braziliya-prezidenti-aqyry-auruxanaga-tusti/