Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісіне Каспий теңізі түбінде үйленуге ұсыныс жасаған ақтаулық елді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Дайвинг
Су астындағы үйлену туралы ұсыныс. Фото: instagram.com/p/CRTiqafjChA/

Ақтаулық жігіт су астында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады. Бұл еліміздегі су астында ұсыныс жасау дәстүрін қолға алған алғашқы жұп, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Экспресс К" басылымының хабарлауынша, Каспий теңізінің астындағы дайвинг кезінде ұсыныс жасау идеясы алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Бұған дейін жігіттер таңдауы түскен жандарға бассейнде, сауда үйіндегі аквариумдарда ұсыныс жасайтын, дейді мамандар.

Еске салсақ, елімізде бұған дейін де қызықты үйлену туралы ұсыныстар көп болған. Олардың ішінде ел есінде қалған ұсыныстар да баршылық. Мәселен, бұдан бірнеше жыл бұрын арбаға таңылған талғарлық жігіт сүйіктісіне айрықша үйлену туралы ұсыныс жасаған болатын.

Жарымжан ғашығын қиындықта тастап кетпей, оған барынша қолдау білдіріп жүрген ару оған "иә" деп жауап берді. Талғарлық жұптың бақытты сәтінен түсірілген видео желіге тарап, көптің жылы лебізіне ие болған.

Одан бөлек, сүйіктілеріне бірінші болып үйленуге ұсыныс жасаған жұлдыздар да бар. Адамдар арасында үйлеуге ұсынысты тек ер азамат жасауы керек деген түсінік бар. Алайда бұл қағидаға бағынбай, сүйіктісіне алғашқы болып ұсынысты өзі жасаған танымал нәзік жандылар да бар болып шыққан еді.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасын тауып, Каспий теңізіндегі дайвинг арқылы ұсыныс жасаушылар көбейе түспек. Әлбетте, бұл біріншіден елдегі туризмнің дамуына әсер етсе, екіншіден, елде дайвингті насихаттауға мүмкіндік бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922530-suiiktisine-kaspii-tenizi-astynda-uilenuge-usynys-zasagan-aqtaulyq-eldi-tangaldyrdy-video/

pixel