Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел, найзағай, бұршақ: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: news.myseldon.com

Еліміздің синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дабылдық ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіне, 16 шілдеде Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

16 шілдеде Жезқазған қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с дейін жетуі мүмкін.

16 шілдеде түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайп, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел соғуы ықтимал.

16 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар, күші 15-20 м/с дейін жететін солтүстік-батыстан, батыстан жел тұрады деп күтілуде.

Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

16 шілдеде Алматы облысының да кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде өрт қауіпі сақталады.

16 шілдеде күндіз Атырау облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде өрт қауіпі сақталады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, қатты дауыл тұрғанын жазған едік.

Жергілікті тұрғындар бұршақтың пішіні коронавирустың молекуласын еске түсіретіндіктен, оны "коронавирустық" бұршақ деп атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922629-zel-naizagai-bursaq-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel