Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында наразы тұрғындар тағы жолды жауап тастады (видео)

Опубликовано:

жол
Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматы маңында Қарасай ауданы Жармұхамбет ауылының тұрғындары су мен жарықтың жоқтығына байланысты облыстық тас жолды жауып тастады. Болған жайтқа жергілікті әкімдік пен Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда қол ұстасып алып, Боралдай-Жібек Жолы тас жолын жауып тастаған адамдар көрінеді.

Жазба авторының сөзінше, тұрғындар Жармұхамбет ауылында судың болмауы мен электр жарығының жиі өшетініне наразы.

Қарасай ауданының әкімдігі ауылдағы электр жарығы мен судың үзілгенін растады.

"Бүгін шынымен де Жармұхамбет ауылының 10-15 тұрғыны Боралдай-Жібек жолы жолын жауып тастады. Көлік қозғалысы 10-15 минутқа тоқтатылды. Осылайша, тұрғындар электр қуатының жиі сөнуіне және кернеудің жетіспеуіне, соның салдарынан сумен жабдықтауға арналған сорғылардың өшіп қалатынына наразылығын білдірді.

Сағат 14.30-да аудандық әкімдікке 10 тұрғын келді, оларды әкімнің орынбасары Айдын Әуесбай қабылдады. Адамдар талаптарын айтты. Сол бойынша тиісті шаралар қабылданады", - дейді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақдәулет Тәліпов.

Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті де пікір білдірді.

"Жармұхамбет ауылының шамамен 11 тұрғыны жолды жапты. Жергілікті атқарушы органдар жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына келген Қарасай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полициясының қызметкерлері де адамдардан тарауын өтініп, көп ұзамай қозғалысты қалпына келтірді. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері байқалған жоқ", - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922635-almaty-oblysynda-narazy-turgyndar-tagy-zoldy-zauap-tastady-video/