Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Алматы қаласына кіре берісте бекеттер қойылатын болды

Опубликовано:

Бекет
Бекет. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесіне байланысты жаңа қаулыға қол қойды. Құжат Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланған.

Құжатқа сәйкес, "Құрбан айт" мерекесі кезінде, яғни 20 шілдеден 23 шілдеге дейін Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй иеліктері мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге ( оның ішінде айт намазы) тыйым салынады.

Одан бөлек, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де құралдар арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды (құрбан шалуды) ұйымдастыру туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылып отыр.

19-22 шілде аралығында Алматы қаласының аумағында мал сою цехтары мен базарлардың жұмысына тыйым салынады.

Құрбандық шалуды Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер бере отырып, онлайн режимде жүргізуге болады.

Сонымен қатар Бекшин 16-22 шілде аралығында қалаға кіре берісте Алматы аумағына жануарлардың (онлайн құрбандыққа арналған малдарды қоспағанда) әкелінуіне жол бермеуге бағытталған бекеттердің жұмысын ұйымдастыруды тапсырып отыр.

Құжат қол қойылған күнінен бастап, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде Құрбан айт күні мал базарлары жұмыс істемейтіні туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922647-qurban-ait-merekesi-qarsanynda-almaty-qalasyna-kire-beriste-beketter-qoiylatyn-boldy/

pixel