Рекорд жаңарды: Қазақстанда өткен тәулікте 5658 адам коронавирус жұқтырды
Жарияланған күні:
Өткен тәулікте Қазақстанда 5658 коронавирус жұқтыру дерегі анықталды, бұл бір тәулік бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 10 адамға артық. Бұл – пандемия басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Соңғы ақпарат Coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 1547
Алматы қаласы - 891
Шымкент қаласы - 368
Ақмола облысы - 180
Ақтөбе облысы - 205
Алматы облысы - 178
Атырау облысы - 342
Шығыс Қазақстан облысы - 82
Жамбыл облысы - 81
Батыс Қазақстан облысы - 289
Қарағанды облысы - 704
Қостанай облысы - 123
Қызылорда облысы - 112
Маңғыстау облысы - 180
Павлодар облысы - 185
Солтүстік Қазақстан облысы - 98
Түркістан облысы - 93
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 483 412-ге жетіп отыр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда бір тәулік бұрын 5648 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған еді.
Ол кезде коронавирус жұқтырғандар көшін Нұр-Сұлтан қаласы бастады. Елордада 15 шілдеде 1549 адамнан коронавирус анықталған. Екінші орында Алматы – 885 адам, үштікті Шымкент қаласы қорытындылады. Үшінші мегополисте бір тәулікте 421 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған болатын.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова маска тағып жүрудің әлі де өзекті екенін еске салған еді.
Оған қоса, денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырғандардың статистикасын жариялады. Осыдан бір апта бұрын денсаулық сақтау министрлігі вакцинадан кейін 2 212 адам COVID-19-ға шалдыққанын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922835-rekord-zanardy-qazaqstanda-otken-taulikte-5658-adam-koronavirus-zuqtyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.