jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Грузияның шығысында бірегей жәдігерлер табылды

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: "Хабар 24" арнасы

Археологтар Грузияның шығысында бірегей жәдігерлер тапты деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Тбилисиден небәрі 70 шақырым қашықтықта ғалымдар ежелгі қорғанды қазып қопарды. Бұл оба осыдан 4 мыңдай жыл бұрын Кавказ өңірін мекендеген ежелгі Триалет мәдениетіне жатады. Оның ішінен алтын бұйымдар табылды.

Қорған көптен бері археологтардың қызығушылығын тудырып жүрген. Алайда зерттеуді бастап кетуге қаражат пен уақыт тапшылығы қолбайлау болатын. Ақыры мамандар дайындалып, жұмысқа кірісіп кетті. Нәтижесінде үлкен олжаға тап болды. Осыдан 4 мың жыл бұрын бұл обада адамды жерлеген. 3 метрден асатын тереңдіктен табылған қабір үстіне тас үйілген. Тіпті өгіз жегілген арбаның ізі де қалыпты.

Осы алқапта тағы да бірнеше шағын қорған бар. Кейін оларды да қазу жоспарда бар. Ал әзірше археологтар сол дәуірге жататын елді мекенді зерттеп жатыр.

Ежелгі бейітте 15 сауыт, кубок және өте жіңішке алтын моншақ табылды. Алайда мамандар жерленгеннен кейін шамамен 50 жыл өткенде қорғанды тонап кеткен деп болжам жасап отыр. Құнды заттардың көбі сол кезде қолды болған. Тіпті қабірді бұзған жерде ізі де қалған, жынысының түсі де өзгеше. Ал біздің күнге жеткені Грузия ұлттық мұражайының ғылыми зертханасына тапсырылды.

Қазірдің өзінде алтын бұйымдардың құрамы белгілі болды. Кейбірі алтын мен күміс қоспасы, ал кейбірі 90% алтыннан тұратын күрделі қорытпалар.

Грузияның шығысында бірегей жәдігерлер табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.