Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Борттағы баланың дене қызуы жоғарылаған: Қазақстандықтар Антальядан Нұр-Сұлтанға ұша алмады

Опубликовано:

Ұшақ салоны
Көрнекі фото: piqsels.com

Анталья - Нұр-Сұлтан бағытындағы Air Astana рейсі борттағы жанжалдың кесірінен ұша алмай қалды. Баласының қызуы көтерілген отбасы медициналық көмек пен ауруханаға барудан бас тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұшу кезінде орын алған жағдай туралы қазақстандық Ирина Севостьянова Facebook парақшасында хабарлады.

"Алдымен техникалық себептерге байланысты біздің рейс бір сағатқа кешіктірілді. Ұшаққа мінген кезде әдеттегідей 0+ жастағы балалар көп болды. Бір мезетте бір бала жылай бастады. Бес минут, 15 минут, 25, 45 минут жылады. Салонда бортсеріктер жүгіре бастады. Дәрігерлер бригадасы келді. Жылап жатқан баланың дене қызуы 40 градус екен. Баланың жанында анасы мен әжесі болды. Оларға мұндай жоғары дене қызуымен ұшуға болмайтынын, бала үшін қауіпті екенін, құрысу басталуы мүмкін екенін түсіндіре бастады. Анасы мен әжесі "Біз ПТР тапсырдық", "Ол балмұздақты көп жеп қойды", "Оның үнемі дене қызуы жоғары" деп айтты", - деп жазады Ирина Севостьянова.

Әйелдің сөзінше, жанжал төрт сағатқа созылған. Не экипаж мүшелері, не әуежайдың қауіпсіздік қызметі анасы мен әжесіне баланы ауруханаға жеткізуге көндіре алмапты. Экипаж мүшелері полицияға жүгінуге мәжбүр болған. Осыдан кейін рейсті тоқтатқан.

Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"2021 жылдың 18 шілдесінде Анталия-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша KC598 чартерлік рейсін орындайтын Air Astana бортында төрт жасар жолаушының дене қызуы жоғары болды. Экипаж әуежайдың ұшу паркіне қайту туралы шешім қабылдады. Барлық жолаушылар уақытылы тасымалдау және қонақ үймен қамтамасыз етілген. KC598 рейсі 19 шілдеде сағат 03: 22-де ұшып, сағат 10: 36-да Нұр-Сұлтанға келді. Жергілікті уақыт бойынша", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923026-borttagy-balanyn-dene-qyzuy-zogarylagan-qazaqstandyqtar-antalyadan-nur-sultanga-usa-almady/

pixel