Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында балықтар жаппай қырылып қалған

Опубликовано:

Қырылған балықтар
Фото: azh.kz

Атырау облысында Исатай ауданына қарасты Нарын каналының бойындағы "Ақбас" (Қызтуған) учаскесінің тұсынан уақ балықтардың өлгені анықталды.

"Ақ Жайық" порталының хабарлауынша, "ҚазСушар" РМК-ның Атырау филиалының бригадасы екі центнердейін жинап, арнайы орындарға көмді. Олар каналды тазартумен де айналысты.

Мөңке, қаракөз, басқа да уақ балықтың қырылу себебі – соңғы кездері "Ақбас" учаскесінде су деңгейінің төмендеп кеткендіктен қажетті оттегі жетіспеуінен болған дейді жергілікті әкімдік.

"Махамбет ауданы Ақтоғай ауылынан бастау алатын Нарын каналы 1960 жылдары пайдаланылуға берілген. Жалпы ұзындығы 200 км, оның 130-ы Исатай ауданына қарасты. Бұл канал бойында көптеген шаруа қожалықтары орналасқан.
Осы жылдар бойы канал бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Су өткізу мүмкіндігі төмендеп кеткен. Сол себептен балық қырылып жатыр", – дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасимов.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхаметов Исатай ауданында жуырда болған жұмыс сапарында Нарын каналының жағдайымен танысып, оны күрделі жөндеуден тезірек өткізуге ықпал ететінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923028-atyrau-oblysynda-balyqtar-zappai-qyrylyp-qalgan/

pixel