Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертең еліміздің қай өңірінде Құрбан айт намазы оқылады

Жарияланған күні:

намаз147
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

20 шілдеде барша мұсылман жамағаты үшін ұлық мереке Құрбан айт басталады. Үш күнге жалғасатын діни мейрамның алғашқы күнінде мешіттерде айт намазы оқылады. Осыған байланысты Sputnik Қазақстан порталы ертең қай қалаларда Құрбан айт намазы оқылатынын анықтады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұловтың сөзінше, мешітте айт намазы оқылмайтын өңірлер тізіміне үш қала мен үш облыс кіріп отыр.

"Биыл да сынақты жыл болып жатыр. Былтыр карантин жағдайында індетке байланысты жұма намазы, Құрбан айт намазы тоқтатылды. Биыл да бұл жағдай осылай жалғасып келе жатыр. Ең соңғы мәлімет бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облысындағы мешітте Айт намазы оқылмайды. Қалған облыста Айт намазы оқылады", - дейді Хасан Аманқұлов.

Оның сөзінше, өзге өңірлерде намаз мешіттерде, далада, адамдар арасында арақашықтықты сақтап оқылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін 20 шілдеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін жазған едік.

Елордадағы қоғамдық көліктер, атап айтқанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар бұл күні штатты режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы сауда ойын-сауық орталықтары да ашық болады. Бұл орындар сағат 17:00-ге дейін ашық болады.

Алматы қаласында да сауда ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық көліктер жұмыс істейді. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, олардың жұмысына қосымша шектеу қойылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923106-erten-elimizdin-qai-onirinde-qurban-ait-namazy-oqylady/