RU

Мемлекет басшысы да жамағатпен бірге құрбандық шалды

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бүгінгі қасиетті Құрбан айт мерекесінде көпшілікпен бірге құрбандық шалған. Бұл рәсім онлайн режимде өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды.

Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда.

Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!", - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін президент барша қазақстандықты Құрбан айт мерекесімен құттықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923149-memleket-bassysy-da-zamagatpen-birge-qurbandyq-saldy/