Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада көшенің қақ ортасында жүгіріп бара жатқан қой көпті алаңдатып қойды (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/astanovka98

Желіде елордада көшенің қақ ортасында жүгіріп жүрген қойдың видеосы тарады. Видео авторының айтуынша, төрт түлік "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы маңында жүрген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қойдың көше ортасында алып ұшып бара жатқан видеосы Instagram желісіндегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда төрт түліктің көшенің қақ ортасында жүгіріп бара жатқанын анық көруге болады.

"Қойдың соңғы рет осылай қашып бара жатқаны шығар. Оқырмандардың бірі төрт түлікті кеше Хан-Шатыр маңында, түс уақытында көрдік дейді. Құрбан айт қабыл болсын" ,- деп жазған видео авторы.

Желі қолданушылары аталған видеоға қатысты өз ойларын жарыса жазып жатыр.

"Қойдың түрін-ай, енді күнімен күлкім тыйылмайтын болды ғой", "Мәссаған, өткенде бұқа қашып еді, енді қой, бәрі елордада болып жатыр, естімеген елде көп деген осы болды", "Қайта көлік қағып кетпеген, әйтпесе обал болатын еді", "Алдында бұқа, енді қой, елордалықтарға не болды өзі?", "Несі күлкілі ағайын, қой қасапшылардан қашып кеткен болар, иесі табылатын шығар", "Қойды құрбандыққа шалғысы келген қожайыны табылды ма екен, табылмаса басқа біреулер қойды ұрлап кететін болды ғой" деген пікірлерін жаудырды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін желіде салмағы 204 келі болатын алып қойдың видеосы тараған еді. Видео авторларының айтуынша, әзірге ірі қойдың Қазақстанның қай өңірінде сойылғаны белгісіз болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923239-elordada-kosenin-qaq-ortasynda-zugirip-bara-zatqan-qoi-kopti-alandatyp-qoidy-video/

pixel