Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аты жаман ауруды ешкі сүтімен жеңген ақтөбелік келіншек туралы білесіз бе

Опубликовано:

Ақтөбе
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы

Ақтөбелік Жанат Көнебаева жігерлілігінің, қиындыққа мойымайтын, өмірге құштар қасиетінің арқасында аты жаман ауруды жеңген деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

43 жастағы келіншектің негізгі мамандығы мұғалім. Алайда, ұстаздықтан қол үзген ол көп жылдар бойы жолаушылар тасымалы қызметінде еңбектеген. Көпбалалы ана "қатерлі ісікке шалдықтыңыз" дегенді естігенде есеңгіреп қалыпты. Салы суға кеткенімен, есін тез жинап, өмір үшін күресті бастап кеткен.

"Химиотерапия алғаннан кейін менде еш үміт болған жоқ. Осы қиындықтардан өте аламын ба, өте алмаймын ба деп ойладым. Алланың қалауымен осы қиындықтардан өттім. Жаман ауруды жеңуге болады", - деді ол.

Аты жаман індетке шалдыққан келіншек ем қабылдай жүріп жаман ойдан арылуға тырысады. Өзіне ұнайтын іс- ас пісіруді ермек етеді. Жанат бөлке нандарына сұраныс артқанын көріп, кәсіпкерлікке бет бұруды ойлапты.

"Мен 2019 жылы өзім қатерлі ісік ауруына шалдыққаннан кейін ем алдым. Химиотерапия алғаннан кейін шашым түсіп қалды", - деп қиын күндерін еске түсірді Жанат Көнебаева.

Ол өзі секілді жаны қиналған жандарға ешкі сүтінің ауадай қажет екенін түсінеді. Осы кәсіпті терең зерттейді. Тынымсыз келіншек әуелі кәсіпкерліктің әліппесін меңгеру қажет екенін түсінеді. Ізденіп жүріп әкімдік ұйымдастырған кәсіпкерлік курсынан өтеді. Жобасы үздік бағаланып, мемлекет қолдау ретінде жарты миллион теңге береді. Соған алты ешкі сатып алады. Бүгінде күніне 6 литр сүт сауып, сырқаттарға жөнелтіп отыр.

"Күніне үш мәрте сауамын: таңертең, түсте, кешке. Таңғы 6-да сауып болып, жетіден бастап онкологиялық ауруларға шалдыққандарға таратамын. Өзім сияқты ремиссияда жүрген, химиотерапия, "лучевая" терапия алып жатқан науқастарға көмектесемін деп өзіме мақсат қойғанмын", - деді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Жігерлі келіншектің жоспары көп. Ешкі шаруашылығын кеңейтіп, кейін сүтінен ірімшік өндіргісі келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923254-aty-zaman-aurudy-eski-sutimen-zengen-aqtobelik-kelinsek-turaly-bilesiz-be/

pixel