Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім мұсылмандықты қабылдауға дайын": Кәріс жігітіне күйеуге шыққан қызылордалық қыз жайлы не білеміз

Опубликовано:

НазНазым күйеуімен
Назым күйеуімен: https://www.instagram.com/_nazym_korea_/

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туып-өсіп, кейін Оңтүстік Корея азаматына тұрмысқа шыққан Назым есімді келіншек желі оқырмандарына жақсы таныс. Ол көпшілікке Кореядағы өмір сүру салты, тұрмыс деңгейі, дәстүрі мен өзге де ерекшеліктері туралы қызықты жазбалар қалдырады. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ Шиеліде туған қазақ қызының желідегі қызықты оқиғаларын назарларыңызға ұсынады.

Назым 1992 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол өзінің белсенді бала болып өскенін жиі жазады. Анасынан ерте айырылған Назым әкесімен араласпайтынын, нағашы әжесінің қолында тәрбиеленгенін айтады. Назымның өзінен бөлек әпкесі бар. Ол Оңтүстік Кореяға жұмыс істеу үшін келіп, өзінен алты жас үлкен Хеджин есімді кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан. Бүгінде олар Джихен, Джихек есімді бір ұл мен бір қызды тәрбиелеуде.

«Қызым екі жарым жаста. Ол қазақшаны жақсы түсінеді. Күйеуім қазақша түгілі, орысша да түсінбейді. Әрине, болашақта қызымның дінге немесе басқа да тұрмыстық ұстанымдарға қатысты не таңдайтынын білмеймін. Бастысы – өзімнің қазақша сөйлеп, қазақша салттарды ұстануыма ешкім кедергі келтірмейді», - деп жазады ол.

Назым Кванджу қаласында жұмыс істеп жүріп, қазіргі жолдасымен танысады. Ол даяшы ретінде жұмыс істеген. Ал болашақ күйеуі Хиджен сол кафенің иесі екен. Кейін екеуінің арасында сезім оты тұтанып, отбасын құрады.

«Ол басында дұрыстап сөйлеспейтін. Тек жұмыс жайлы болды әңгімеміз. Уақыт өте келе даяшы болып жұмыс істейтін қытайлық қыз басшымыздың менде ойы бар екенін айтты. Кейін мені тамаққа шақыра бастады. Алғашында кәріс тілін дұрыс білмейтіндіктен, гугл аударма арқылы сөйлесіп жүрдік. Содан соң, ол бірге тұру жайлы ұсыныс жасады. Мен әпкемнен рұқсат алып, тұрмысқа шықтым. Заңды некеге тұру кезінде Қазақстан тарапынан көптеген қиындықтар болды. Үйлену тойымыз бірінші баламды босанған соң өтті», - дейді ол желідегі жазбаларында.

Назым Оңтүстік Корея халқының ерекшеліктері туралы көп жазады. Мәселен, ол жақта үйлену тойға көп шашылмайды. Той бас-аяғы екі сағатқа созылса, қалыңдықпен суретке түсуге 2 сағат қана беріледі екен.

«Корея халқы кешіккенді мүлде ұнатпайды. Ал менің Қазақстаннан келген туыстарым екі сағаттық тойға кешігіп келген. Олардың түсінігінде кешігу ұят нәрсе», - дейді ол.

Назымның айтуынша, жолдасы оны аялап, алақанда ұстап, бар қалауын орындап отыр. Екі баласы да аман-сау өсіп келеді. Қазақстанға да жиі келіп тұрады, тек пандемияға байланысты қазір қиындықтар туындаған.

«Жолдасымның діні туралы мені сөгетіндер көп. Осыны ескеріп, оған мұсылмандыққа өту туралы ұсыныс жасадым. Ол егер осыны қаласам, ислам дінін де қабылдайтынын айтты. Кореяда балаларды қырқынан шығару деген жоқ, тек өмірге келгеніне 100 толғанын атап өтеді. Бірақ мен екі баламды да қырқынан шығардым. Баламды да сүндетке отырғызам деп ойлаймын», - деп жазады ол.

Бүгінде Назым Оңтүстік Корея косметикаларын сатумен айналысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923256-kuieuim-musylmandyqty-qabyldauga-daiyn-karis-zigitine-kuieuge-syqqan-qyzylordalyq-qyz-zaily-ne-bilemiz/

pixel