Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсылар кетіп жатыр": Нұр-Сұлтан қаласында танымал адвокат қайтыс болды

Опубликовано:

Владимир Халюткин
Владимир Халюткин. Фото: facebook.com/Khamida Aitkaliyeva

Белгілі адвокат Владимир Халюткин коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

Қайғылы хабарды оның әріптесі Әсел Тоқаева өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтандағы адвокаттар арасында осымен үшінші әріптесінінің өмірін қауіпті індет жалмаған.

"Әзілқой, оптимист, жақсы адам өмірден озды. Онымен бірге 2000-шы жылдардың басында келген жас заңгерлердің дәуірі өтті, мен олардың қатарында болдым", - деп жазды ол.

Владимир Васильевич Орталық заң кеңесінің басшысы болған деген ақпарат бар.

Оның айтуынша, Владийр Халюткин жаңадан келген көп заңгерлерге ақылшы болып, өмірлік тәжірбиесін бөліскен.

"Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Владимир Васильевич. Сіз біздің есімізде мәңгі қаласыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923268-zaqsylar-ketip-zatyr-nur-sultan-qalasynda-tanymal-advokat-qaitys-boldy/

pixel