jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қарағандыда 1,5 млрд теңгеге салынған жаңа мектеп қирай бастаған

Мектеп
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Қарағандыда төрт жыл бұрын 1,5 млрд теңгеге салынған көру қабілеті нашар балаларға арналған мектеп қирай бастаған. Ғимараттың қабырғасында жарық пайда болып, бетонның қорғаныш қабаты құлап, тіпті арматурасы да ажыраған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мамандардың айтуынша, балалар пандемия арқасында оқыс оқиғадан аман қалған. Оқу форматы онлайн болғандықтан, дер кезінде сараптама жүргізіліп, қабырғалары, шатыры мен едені тексерілген. Бүгінде сот мектеп-интернаттың жұмысын тоқтатқан.

"Спортзал, сыныптар, жатақхана орналасқан блоктың шатыры қауіпті жағдайда. Ғимаратта үлкен жарық пайда болған. Ол біршама қисайған. Бұл балалар мен бүкіл қызметкерлер үшін қауіпті. Ең бастысы - сот шешімі. Шешім бойынша әлдекімнің ғимарат аумағына кіруіні рұқсат жоқ", - дейді Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Людмила Гавриленко.

Мектеп құрылысы үшін берліген үш жылдық кепілдеменің мерзімі өтіп кеткен. Алайда құрылысшылар қаржылық жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазір оқу ордасының басшылығы 100 оқушы мен 113 педогогке тез арада жаңа ғимарат іздеп жатыр. Балалар сыныпқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана оралады.

Көру қабілеті нашар балаларға арналған №1 мектеп-интернатының директоры Айман Тілегенованың сөзінше, ғимарат толық қауіпсіз болған кезде ғана интернатқа оралуға болады.

"Мұндай жағдай қынжылтады. Қалай болса солай емес, шын пейілмен салу керек еді. Қазір толық қалпына келтіру үшін сметалық құжат дайындалып жатыр. Әлі қанша қаражат керек екенін айту қиын. Бірақ біз өз мектебімізге келесі оқу жылында оралуды жоспарлап отырмыз", - дейді директор.

М. Иневатова

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.