Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайда оқытамын?": Елордалық ата-ана орыс сыныптарына мұғалім жетіспейтінін айтып дабыл қақты

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Астана тұрғыны қала мектептерінде орыстілді бастауыш сынып мұғалімдерінің жеткіліксіз екенін айтып дабыл қақты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Самал Ким әлеуметтік желіде биыл бірінші сыныпқа баратын баласына мектеп іздеп, қиындыққа тап болғанын жазды. Елорда тұрғыны баласын орыс сыныбына бермек ниетте. Алайда Самалдың сөзінше, өзі есігін қаққан бірнеше мектеп мұғалімнің жоқтығын желеу етіп, жаңа топ ашпай отыр.

"Менің таңданысымда шек жоқ, бірінші рет осындай жағдаймен бетпе-бет келіп отырмын. Биыл бірінші сыныпқа барамыз. №84 мектепке кірдім, бірінші сыныпта 3 топ ашылған, әр топта 40 баладан, орыс тобына мұғалім жоқ. Бәрінің жауабы бір. "Студенттерді жұмысқа алмасақ, балаларды оқытатын мұғалім жоқ, сосын бізге шағымданып жүрмеңіздер", - деп шығарып салды. №89 мектепке бардым, онда да сол жағдай. 4 топ ашылған. Әрқайсысында 45-46 оқушыдан. Мұғалім жоқ. Жауабы да осы. Мұғалім таппаса, студенттерді шақыратынын алға тартады.
Қайда апарып оқытатынымызды түсінбей отырмын. Әлде бұл бізді сыртқа тебудің бір амалы ма? Білім беру саласында не болып жатыр? Қайдағы студенттер?", - дейді Самал Ким.

Самалдың жазбасы әлеуметтік желіде резонанс тудырды. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Олардың арасында расында да астанада орыс тілінде сабақ беретін мұғалімнің жетіспейтінін айтқандар басым.

"№84-85 мектепте балаларым оқыған. Осыдан 3 жыл бұрын директоры бізге де орыс сыныптарына мұғалімдер жетіспейді деп айтқан болатын", " Иә, өкінішке қарай, шынында да солай. Сыныптар толы, кем дегенде 40 оқушыдан отыр, бұл миға сыймайтын нәрсе. Қалаға жаңа үйлер емес, жаңа мектептер керек", - дейді желі қолданушылары.

Екінші топ елімізде орыс сыныптарына сабақ беретін мұғалімдердің азаюы заңды құбылыс дегенді алға тартады.

"Бұл елдің аты - Қазақстан ғой. Тілі - қазақ тілі. Мемлекет құраушы халқы - қазақтар. Табиғи түрде орысша оқитындар азаюда. Оған таңғалудың жөні жоқ шығар? Кеше бір статистика көрген едім. 10-15 жылда Қазақстанда тұратын орыстар азаяды, себебі қартаяды, ал оның орнын басар жастар көрші елдерге кетіп жатыр деген. Жылдан жылға осылай азая береді. Себебі орысша оқыған балалар өз болашағын Қазақстанмен байланыстырмай көршілес елге кетуде, олар маман болып қайтып келмесе, мұғалім қайдан болады? Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деген ұранмен, балаңызды қазақ мектебіне беріңіз", - дейді пікір иесі жазба авторына.

Самал Ким баласын не үшін орыс сыныбына бергісі келетінін түсіндірді.

"Қазақ тілін білеміз, өзім қазақ мектебін, жоғары оқу орынын қазақ тілінде бітірдім. Өз басыма қазақ тілінде оқыған өте қиын, өйткені жазбалардың аудармасы түсініксіз. Жаңа сөздер әр аймақта әр түрлі аударылады, түсінбейсің. Кітапханаға барып орысшасын оқып бірақ мағынасын түсінетінбіз. Қазіргі таңда мектеп бағдарламасының өзі қиын және түсініксіз", - дейді Самал Ким.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923603-qaida-oqytamyn-elordalyq-ata-ana-orys-synyptaryna-mugalim-zetispeitinin-aityp-dabyl-qaqty/

pixel