Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол жақсы көріп тұру керек": Тұрмыс құрмаған немере қызына ақыл айтқан әже желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/kyn.kz

Желіде әжесі мен немере қызының тұрмыс құрып, үй болу жайлы сөйлесіп отырған видеосы тарады. Онда қария немересіне болашақ жарының қандай болу керектігін айтады. Желі қолданушылары «заманауи» әжейге жылы тілектерін жаудырып, алғыс айтып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желі қолданушылары қызу талқылаған видео Instagram-дағы kyn.kz парақшасында пайда болды. Онда әжесі мен немересінің әңгімелесіп отырған сәтін анық көруге болады.

"Ал мен ше, оны жақсы көрмей қалай тиемін?" деген немересінің сұрағына әжесі өз жауабын айтады.

"Ол сені жақсы көріп, ынталы болып тұруы керек. Ол жақсы көрмей, үй-ішінің айтқанын істеп, амал жоқтықтан, әке-шешенің айта беруінен үйленсе, кейін бір жағдай болып жатса, "сендер кінәлісіңдер" деп айыптайды. Ал өзі қарап, алып барса, әкесі мен шешесі айтады, "Балам, өзің таптың, қаладың, сүйемін, күйемін, осыны аламын дедің, бізге не дейсің? Бізге ештеңе айтпа" дейді",-деп жауап береді әже.

Ол сондай-ақ немересіне "Таңдаған тазға жолығады" деген ақыл-кеңесін айтады.

"Тазға жолықпаймын, негізі сөйлесіп жүрген бір бала бар" деген немересінің сөзіне, қария жігіттің қай жақтан екенін, руы қандай екенін сұрайды.

"Не жұмыс жасайды? Қай жақта тұрады? Инженер дедің бе? Руын сұрамадың ба? Әкесі, шешесі не істейді?" деген сұрағына, немересі "Шешесі мектеп директоры, әкесі бизнесмен" дейді.

Сонымен бірге видеодағы ару өзіне "5 миллион теңге қалың мал сұрайтынын" айтады. Десе де әжесі "Шешең айта береді, бес емес, бір жарым миллион сұраймыз" деп, көпті күлкіге қарық қылады.

Сөз соңында қария немересіне тағы да "Сен емес, ол сені жақсы көріп, қалап тұруы керек" деген ақылын айтады.

Желі қолданушылары әжейді қолдап, жылы тілектерін жаудырып жатыр.

"Өте дұрыс кеңес айтып жатыр", "Апаларымыз аман болсын", "Мына заманда қазыналы қарттарымыздың әр сөзі алтынмен тең, ауырмаңыз әжей", "Жаным апам, қандай ақылды өзі" деп оқырмандар жылы тілектерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924129-ol-zaqsy-korip-turu-kerek-turmys-qurmagan-nemere-qyzyna-aqyl-aitqan-aze-zelini-zardy-video/

pixel