Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҮЕҰ академиясы қоғам белсенділерін тегін оқудан өтуге шақырады

Опубликовано:

Академия логотипі
Фото: "Азаматтық бастамалар орталығы" Қоғамдық бірлестігі

ҮЕҰ академиясы қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқытуды жалғастыруда. 26 шілдеде қазақ тілінде білім беру бағдарламасының кезекті легі басталды, оған 80 ҮЕҰ қатысады. Әлі де кеш емес, тілек білдірушілердің оқуға қосылуға мүмкіндігі бар.

Жаңа лек пилоттық режимде өтіп, 5 күнге созылады. Осы уақыт аралығында ұйымдастырушылар оқытуда қазақ тілді сегмент үшін ең сұранысқа ие бағыттарды ғана пайдалану арқылы аудиторияның ерекшеліктерін зерделеуді жоспарлап отыр.

"ҮЕҰ Академиясы" жобасының мақсаты - ҮЕҰ үшін қолайлы жағдай жасау бәсекеге қабілетті үкіметтік емес секторды дамыту. Академия екі бағыт бойынша жұмыс істейді: "Өрелі ұрпақ" әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі және ҮЕҰ өкілдеріне арналған жалпы білім беру бағдарламасы.

Оқытуды бастамас бұрын зерттеу жүргізілді, ол қоғамдық ұйым өкілдерінің экономикалық және қаржылық сауаттылық, заңдық және салықтық сауаттылық, жобалық менеджмент/жобаларды басқару, әлеуметтік жобалау, фандрайзинг слаларында білім деңгейін жетілдіру керек екенін көрсетті және бұл бағыттарды қамтитын бірегей бағдарлама жасауға мүмкіндік берді. Барлық жұмыс онлайн-режимде жүріп жатыр. Жобаға қазақстандық және халықаралық бизнес-тренерлер, кәсіби коучтер, бірегей жеке бағдарламалардың авторлары тартылған.

"Біз қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жаңа деңгейге шығуына мүдделіміз. Ол үшін ҮЕҰ-дың осал тұстарын тауып және оларды түзетуге көмектесу керек. ҮЕҰ проблемаларының бірі-сапалы, әрі тегін білім алу. Сондықтан білім беру бағдарламасы мен әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі құрылды", - дейді" ҮЕҰ Академиясы" жобасының жетекшісі Ирина Виговская.
"Азаматтық бастамалар орталығы" Қоғамдық бірлестігі
Фото: "Азаматтық бастамалар орталығы" Қоғамдық бірлестігі

Оның айтуынша, мектеп пен бағдарлама қоғам белсенділері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие және оқуға жоспарланған 1 000 қатысушының орнына 4 500-ден астам қатысушы тіркелді.

Дегенмен, ұйымдастырушылар сапалы білім алғысы келетіндерді 20 тамызға дейін жалғасатын оқу модуліне қосылуға шақырады.

"Мен үш оқу модулін аяқтадым:" Заң және қаржылық сауаттылық"," Ақпараттық технологиялар","Қаржылық және экономикалық сауаттылық". Бұл курс – ҮЕҰ құруға енді қызығушылық танытып жүрген жандар үшін бұл курс таптырмас мүмкіндік. Материалдар қол жетімді, көп жағдайда - қарапайым сөздермен, және әрқашан өз сұрақтарыңызды жаттықтырушыға немесе ұйымдастырушыларға бөлек жазуға және жоба аясында туындаған сұрақтарды талқылауға мүмкіндік бар. Алынған білім менің қызметіме өз көмегін тигізетіні сөзсіз. ҮЕҰ академиясы бұл слаға енді қадам басып келе жатқандардан бөлек, тәжірибелі қоғамшылдарға да тамаша оқу ресурсы ретінде қолайлы", - дейді Академия тыңдаушысы Валентина Алматинская.

Айта кетейік," ҮЕҰ Академиясы " жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының көмегімен жүзеге асырылуда.

ҮЕҰ Академиясына келесі сілтемелер бойынша google-өтінімдерді толтыру арқылы кіруге болады:

Жалпы білім беру компоненті:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScy7yfWriXaQoXIJTe1EWqC96AQhNOEVsqdisMiKuQPM7shZQ/viewform?usp=sf_link

Әлеуметтік желілердегі беттер:

Facebook – https://www.facebook.com/academynpo

Instagram – https://instagram.com/academy_npo

Азаматтық бастамалар орталығының баспасөз қызметі

Анықтамалық:

"ҮЕҰ академиясы" - бұл ҮЕҰ өкілдері үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білімдердің жүйелендірілген алғашқы курсы. Жоба 2020 жылы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен үкіметтік емес секторды дамыту үшін жағдай жасау мақсатында басталды.

Жобаны "Азаматтық бастама орталығы"қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.

"ҮЕҰ Академиясы" жобасының ресми серіктестері - ALMAU саясат және құқық мектебі, Астана Халықаралық университеті, "Қазақстандық Медиация орталығы" ЖМ, "SmartCharity" ҚҚ, "Белес"талдау және стратегия орталығы ҚБ.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері Қазақстанның 300-ден астам үкіметтік емес ұйымдары оқудан өтті, оны Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы, Қырғызстанның белгілі сарапшылары мен бизнес-тренерлері жүргізді. "ҮЕҰ академиясы" курсының тыңдаушылары 800-ден астам адам болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924266-ueu-akademiyasy-qogam-belsendilerin-tegin-oqudan-otuge-saqyrady/

pixel