Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10-12 тамыз аралығында": Бекшин коронавирустың төртінші толқынына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны шарықтау шегіне жетіп, қалада ауру жұқтырғандар саны қашан азаюы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, қазір жағдай күрделі.

"Әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда да ауру жұқтырғандар саны артқанын көріп отырмыз. Барлық облыс "қызыл" аймақта, жағдай ушыға түсуде. Алматыда ауру жұқтыру көрсеткішінің өсуі байқалады.

Бүгінде реалистік болжам бойынша, айына 25 мың адам коронавирус жұқтыруы ықтимал. Кезекті толқынның шарықтау шегі 3-4 тамызда және ең жоғары деңгей 10-12 тамызда болуы мүмкін. Осыған байланысты біз профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз және ведомствоаралық комиссияның ұсынысы бойынша кеше режимді күшейту туралы бірқатар тапсырма алдық", - дейді Бекшин.

Оның сөзінше, коронавирустың төртінші толқыны әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ. Болжамға сәйкес, ауру жұқтырғандар саны қыркүйек айының басында төмендейді.

"Бүгінде біз коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін адамдардың 35 пайызына, екінші компонентін 24,2 пайызына салдық. Әлбетте, біздің мақсатымыз - вакцинация бойынша жұмысты күшейту. Біз Еуропа елдеріндегі жетістіктерді көріп отырмыз. Онда халықтың 70 пайзына вакцина салынған, ал кейбір елдерде көрсеткіш бұдан да жоғары", - дейді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 7479 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді.

Оның 1450-і Алматыдан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924589-10-12-tamyz-aralygynda-beksin-koronavirustyn-tortinsi-tolqynyna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel