Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантин күшейтіледі: Бекшин жаңа қаулы әзірленіп жатқанын хабарлады

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жақын арада жаңа қаулы шығатынын хабарлады. Ол 30 шілде күні кешке жарияланады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бекшиннің сөзінше, қаулы 2-16 тамыз аралығында күшінде болады. Осы кезеңде Ashyq жүйесіне кірмейтін нысандар жұмыс істемейді. Ал қалғандары 20:00-ге дейін, кейбір нысандар 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Біз республиканың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз, біздің шектеу шараларымыз сол талаптарға сай болады.

Кәсіпкерлер қауымдастығы, "Атамекен" ҰКП, Кәсіпкерлік басқармасымен мәселелерді талқылап, нақты ұсыныстарды күтіп отырмыз. Қаулы күшіне енерден үш күн бұрын біз құжаттың жаңа нұсқасын жариялаймыз", - дейді Жандарбек Бекшин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны шарықтау шегіне жетіп, қалада ауру жұқтырғандар саны қашан азаюы мүмкін екенін айтқан болатын.

"Әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда да ауру жұқтырғандар саны артқанын көріп отырмыз. Барлық облыс "қызыл" аймақта, жағдай ушыға түсуде. Алматыда ауру жұқтыру көрсеткішінің өсуі байқалады. Бүгінде реалистік болжам бойынша, айына 25 мың адам коронавирус жұқтыруы ықтимал.

Кезекті толқынның шарықтау шегі 3-4 тамызда және ең жоғары деңгей 10-12 тамызда болуы мүмкін. Осыған байланысты біз профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз және ведомствоаралық комиссияның ұсынысы бойынша кеше режимді күшейту туралы бірқатар тапсырма алдық", - дейді Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924615-almatyda-karantin-kuseitiledi-beksin-zana-qauly-azirlenip-zatqanyn-aitty/

pixel