Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыз айында ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжам жасады

Опубликовано:

Алма талы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық синоптиктер жаз мезгілінің соңғы айы - тамызға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, тамыз айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және көбінесе құрғақ ауа райы болады. Тек шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі.

Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +20+25°С, күндіз +35+42°С, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +15+22°С, күндіз +30+37°С болады.

Ауа температурасының мұндай жоғары фоны, басқа ауа массаларының Қазақстан аумағына орын ауыстыруына жол бермейтін бұғаттаушы антициклонның орнығуымен байланысты болады.

Бірақ бірінші онкүндіктің соңына қарай, бұғаттаушы антициклон өз позицияларын тапсырады. Оның орнына Қазақстан аумағына циклон келеді, және онымен бірге атмосфералық фронттар бірте-бірте ауысады. Бұл өз кезегінде найзағай мен қысқа мерзімді жаңбырға әкеледі.

Кейбір өңірлерде жел күшеюі мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +25+30°С, солтүстік жартысында +20+27°С жетеді.

Айдың екінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысына суық ауа массалары түседі. Бұл ауа райының тұрақсыз болуына әкеледі. Яғни, жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты, найзағай мен желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін өзгереді, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасыны +28+35°С болады.

Ауа температурасы күндіз +23+28°С болатын оңтүстік аймақтарда қалыпты жылы ауа райы күтіледі, ал солтүстік өңірлерде ауа райы күзгі сипатқа ие болады, күндіз ауа температурасы +17+22°С жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924806-tamyz-aiynda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzam-usyndy/

pixel