Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Еліміздегі облыстардың бірі "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Тұрғындар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

3 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өз Telegram-каналында назарға ұсынды.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ұсынған ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысы "сары" аймаққа қайтып оралған. Сонымен елдегі эпидахуал келесідегідей:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7481 адам тіркелген болатын. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 595 433-ке жетіп отыр.

Ал сол арада пандемия басталғаннан бері Еуропа аймағында COVID-19 жұқтырушылар саны 60 миллионнан асқаны белгілі болып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы жаңа мәліметтерді назарға ұсынды.

"Пандемияның соңы әлі жақындаған жоқ, өкінішке қарай, Еуропа аймағында COVID-19-дан 1,2 миллионнан астам адам қайтыс болды. Елдер халықтың ең осал топтары мен қауіп-қатер тобындағы адамдарды қорғау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруы маңызды", - деген еді ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Dorit Nitzan.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925209-covid-19-elimizdegi-oblystardyn-biri-sary-aimaqqa-otti/

pixel