Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда халық саны 2 миллион адамнан асты

Опубликовано:

Алматы қаласы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының халқы 2 миллион адамнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қала тұрғындарының саны 2021 жылдың басынан 24 046 адамға немесе 1,22%-ға өсіп, 1 шілдедегі жағдай бойынша 2 миллион 1,3 мың адамға жетті.

Еске салайық, қаланың миллионыншы тұрғыны 1981 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан халқының саны 19 миллион адамға жетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.

Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кеткен жөн, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 175,2 мың адамды құрағаны анықталып отыр. Бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы көрсеткішке (156,8 мың адам) қарағанда 11,7%-ға көп.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 63,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға (50,0 мың адам) қарағанда 27,3% көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925494-almatyda-xalyq-sany-2-million-adamnan-asty/

pixel