Атырау облысында мектепке "бомба қойған" жігіт қамауға алынды
Опубликовано:
Атырау облысында мектепке "бомба қойған" жігіт қолға түсті деп хабарлайды Қазақпарат.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, кеше, 3 тамызда 102 операторына "Индербор кентінде орналасқан мектептердің бірінде жарылғыш зат бар" деген хабар түскен.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдіктіні анықтады.
Ол Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне қонаққа келіп, жалған ақпарат берген Батыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғыны.
Қазіргі уақытта жалған ақпарт берген күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925507-atyrau-oblysynda-mektepke-bomba-qoigan-zigit-qamauga-alyndy/