Бір күнде 7 899 науқас: Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны жарты миллионнан асты
Опубликовано:

Қазақстанда коронавирусқа қатысты 6 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 7 899 адамның коронавируспен ауырғаны расталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 626 412.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 1 493,
Алматы қаласы - 1 506,
Шымкент қаласы - 538,
Ақмола облысы - 263,
Ақтөбе облысы - 407,
Алматы облысы - 350,
Атырау облысы - 366,
Шығыс Қазақстан облысы - 308,
Жамбыл облысы - 190,
Батыс Қазақстан облысы - 170,
Қарағанды облысы - 1 008,
Қостанай облысы - 275,
Қызылорда облысы - 200,
Маңғыстау облысы - 240,
Павлодар облысы - 300,
Солтүстік Қазақстан облысы - 155,
Түркістан облысы - 130.
Еске салсақ, кеше, ДСМ мәліметінше, тағы 7 769 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Сонымен бірге, бір тәулікте 155 адамның коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарланған.
Бұдан бөлек, күні кеше Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бағалау жөніндегі брифингте қала бойынша әр минут сайын екі науқас ауруханаға түсіп жатқаны айтылған. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеген-ді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926030-bir-kunde-7-899-nauqas-qazaqstanda-koronaviruspen-auyrgandar-sany-zarty-millionnan-asty/