Ақтауда вакцина салдыру үшін жаппай емханаға келген тұрғындар видеоға түсіп қалды
Опубликовано:
Ақтаудағы емханалардың бірінде вакцина салдыру үшін ұзын-сонар кезекте тұрғандардың видеосы желіде тарады. Жағдайға қатысты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп жазады Lada.kz.
Порталдың жазуынша, бейнежазба 8 тамыз күні Ақтаудағы 7-шағын ауданда қалалық емханада түсірілген.
Ведомсто демалыс күндері Ақтауда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғысы келген адамдар саны бірден өскенін хабарлады. Тұрғындардың көпшілігі №1 қалалық емханаға келген.
Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, қазіргі уақытта емханада 3 екпе егу кабинеті жұмыс істейді. Тағы біреуі жуырда ашылады.
Ведомствоның мәліметінше, жағдай бақылауда. Адамдардың кезекте тұрмауы үшін оларға басқа емханаға баруға кеңес берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926150-aqtauda-vakcina-saldyru-usin-zappai-emxanaga-kelgen-turgyndar-videoga-tusip-qaldy/